«Балдәурен» РОСО-да балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру мектеп жасындағы балаларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған физиологиялық анықталған нормалар негізінде жүзеге асырылады. Дегенмен, курорттың климаттық ерекшеліктері, балалардың физикалық және эмоционалдық белсенділігінің артуы (спорттық, ашық ойындар, экскурсиялар және т.б.) ағзадағы зат алмасу процестерінің қарқындылығын ұлғайтып, бала ағзасының қоректік заттарға қажеттілігін арттырады. Осыған байланысты орталықта Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған нормалар 30 пайызға аса орындалуда.
Артықшылық негізінен ет тағамдарының, жаңа піскен көкөністер мен жемістердің рационының ұлғаюына байланысты жүзеге асырылады. Бұл кезде белоктардың, майлардың, көмірсулардың (1/1/4) қатынасы қатаң сақталады.
Балаларды «Балдәуренде» күніне 6 рет тамақтандыру (таңғы ас, таңғы ас 2, түскі ас, түскі шай, кешкі ас, кешкі ас 2), тамақтану арасындағы уақытты қатаң сақтай отырып (4 сағаттан аспайды) орындалады. Тағамды пісіру заманауи технологиялық жабдықтарда бекітілген перспективалық мәзір бойынша жүзеге асырылады. Азық-түлік бөліміне жеткізілетін тағамның сапасы диетологтың тұрақты бақылауында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner