«Жастар» педагогикалық тобы – жан-жағындағы балалардай жарқыраған көздері бар жалынды, көңілді, қамқор ұйымдастырушы-ұстаздар!

Ұйымдастырушы-ұстаз – балаларды шығармашылық, ойын және білім арқылы үлкен ересектер әлеміне жетелейтіндер. Ұйымдастырушы-ұстаздың жұмысының жалпы ережелері мен принциптері бар.

Ұйымдастырушы-ұстаз:

- балаларға арналған 100-ден астам ойындар мен әрекеттерді біледі;

- инклюзия бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысады;

- авторлық педагогикалық бағдарламаларды әзірлеу, енгізу, сынақтан өткізу;

- республикалық, халықаралық конкурстарға, семинарларға, конференцияларға қатысу;

- орталықтың тұрақты жұмыс істейтін семинарына белсенді қатысу;

- жасөспірімдер психологиясының қыр-сырын түсіну;

- орталықтағы жұмыс баланың өмірі мен денсаулығы үшін тәулік бойына жауапкершілік екенін түсіну.

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалында жұмыс істей отырып, ұйымдастырушы-ұстаздар өздерінің ең батыл шығармашылық идеяларын өмірге әкеліп, дарындылығын аша алады: мұғалім, актер, режиссер, биші, музыкант, әнші, спортшы, дипломат және т.б.

 

 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner