Дене шынықтыру-туристік кешеннің (ДТК) негізгі қызметі «Балдәурен» РОСО жағдайындағы Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру болып табылады.

ДТК мақсаты – ұлттық және әлемдік мәдениет дәстүрінде дене шынықтыру және спорт арқылы тұлғаны жан-жақты дамыту.

ДTK материалдық-техникалық базасы мыналардан тұрады:

жабық ғимараттар: спорт, фитнес және ойын залдары, үлкен және кіші бассейндер, шахмат студиясы;

• ашық алаңдар: гимнастика, баскетбол, екі волейбол алаңы, теннис корты, арқан саябағы; ашық жаттығу жабдықтары бар ойын алаңы;

• пирс, катамарандар;

• ашық қысқы алаңдар: мұз айдыны, шаңғы трассалары, арналған мұз сырғанағы.

Ауысым жұмысын әрқайсысы өз мамандығының кәсіби маманы болып табылатын 8 спорт нұсқаушы жүргізеді.

Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие үрдісі үш бағыттағы жұмысты қамтиды:

о Дене шынықтыру.

o Спорт.

o Туризм.

«Балдәурен» таңы музыкалық сүйемелдеумен таңғы жаттығулардан басталады.

Сабақ уақытында бағдарлама бойынша дене шынықтыру сабақтары өткізіледі.

Ауысым кезінде балалар үшін спорттық әуесқойлық үйірмелер ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, баскетбол, волейбол, «перестрелка» қозғалу ойыны, үстел теннисі, дойбы, шахмат, «Тоғыз-құмалақ» ойынының ережелерін қарастыратын оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі.

Әр ауысым сайын «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының айналасында автобуспен экскурсия ұйымдастырылады, оның барысында балалар өңірдің ең әдемі табиғатымен танысып, тарихи орындарды аралайды.

Жазда жүргізілетін демалыс түрлері орманда серуендеу, катамарандармен жүру, арқан паркі және ашық тренажерлар, балалардың батутта секіру. Сондай-ақ, Балдәурендіктердің  спорт алаңдарында велосипед, скутер, ролик тебу және түрлі ойындар түрінде белсенді демалу мүмкіндігі қарастырылған.

Қыста қысқы жабдықты (коньки, шаңғы,) пайдалана отырып, ашық ауада серуендеу ұйымдастырылады.

Суда жүзу – «Балдәурен» ӨСБ дене тәрбиесінің маңызды құралдарының бірі. Бассейн нұсқаушыларының міндеті - балаға жүзу дағдыларына үйрету және жетілдіру.

Ауысымдағы атқарылған жұмыстың нәтижесі – Олимпия спорт мерекесі. Бұл мереке жастар арасында салауатты өмір салтын және олимпиалық қозғалысты насихаттайды, бұқаралық спортты және балалар командасын біріктіреді.

«Олимпия» спорт фестивалі ауысым қатысушылары үшін ең жарқын және есте қалатын оқиғалардың бірі болып табылады. Жарысқа үш топ қатысады: кіші, орта және үлкен. Бірінші күн командалық біріншілікке арналған. Екінші күн негізінен жеке біріншіліктер мен «Жастар» (ұйымдастырушы мұғалімдер командасы) және «Балдәурен» (балалар командасы) командалары арасындағы жолдастық кездесулерге арналады.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар салтанатты түрде дипломдармен марапатталады.

Дене шынықтыру-туристік кешендегі жұмыстардың әр бағыты «Балдәурен» РОСО демалатын әрбір жеткіншектің дамуына зор пайдасын тигізуде. Іс-шаралар балалар ұжымын біріктіреді, әр балаға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, тұлғаны жан-жақты дамытады және тұлғаның жағымды қасиеттері мен салауатты өмір салтын ұстанатын құндылықтарды түсінуге жетелейді.

Ата-аналарға арналған ақпарат.

Сіздің балаңыздың спорттық-туристік кешен өткізетін іс-шараларға қатысуы үшін мыналар қажет:

Спорттық іс-шаралар үшін:

•  спорттық костюм;

• футболка;

• жабық спорттық аяқ киім;

• 5-6 жұп шұлық.

Бассейнге бару үшін:

• купальник (жүзуге арналған киім);

• душқа арналған аяқ-киім;

• жеке гигиеналық заттар (сабын, сусабын, ванна сүлгілері).

Экскурсияға бару үшін:

• бас киім: қалпақ, бейсболка, панама (жаз);

• шарф, қолғап (қыс, көктем, күз).

 

 

 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner