ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

«Балдәурен» республикалық оқу - сауықтыру орталығының ресми сайтына қош келдіңіз!
Республикалық оқу–сауықтыру орталығы «Балдәурен»- бұл оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін орталық. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Білім беру кеңістігіндегі өз рөлін нақты белгілеп өтті.

«Балдәурен» - балалардың сенімділік, қауіпсіздік, қамқорлық аралы. Біздің Орталықтың әлеуметтік маңыздылығы даусыз. Біз балаларда белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелейміз, олардың шығармашылық қабілеттерін ашамыз, әр балаға өзін жеке тұлға ретінде көрсетуге тең мүмкіндік береміз, оларға өмір жолын таңдауға көмектесеміз. «Балдәуренде» өмір қандай болатыны бізге-ересектерге байланысты. Біз орталықта осындай бірегей жүйе құрылғанын мақтан тұтамыз және мұнда жұмыс істейтін әрбір адам кездейсоқ емес, өз ісін және балаларын жақсы көреді деп сеніммен айта аламыз.

Бүгін Балдәурен небәрі 20 жаста, бірақ біз «балалық шақ аралы» өзінің тағы бір туған күнін тойлайды деп сенеміз. Тек оның тұрғындары – балалардың жасы өзгеріссіз қалады.  Егер балалар «Балдәуреннен» кетіп, осында қайта – қайта оралғысы келсе-бұл бүкіл ұжымның бірлескен жұмысының жоғары бағасы. 


«Балдәурен» РОСО РМҚК 
Бас директоры
Алибаев Сержан Төлеметұлы 

 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner