Білім кешені «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы РМҚК мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Білім беру процесін ұйымдастыру ҚР Білім Министрлігі бекіткен оқу бағдарламаларының және жыл сайын жалпы орта білім алуды қамтамасыз ететін мекемелердің үлгілік оқу жоспарының негізінде  жүзеге асырылады. Барлық қолданылатын бағдарламалар білім беру стандарттарына және нақты оқу пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкес келеді.
Ауысым бойы оқитын оқушылардың орташа саны 288 адамды құрайды. Сыныптардың толықтырылуы-22 оқушы. Оқушылардың негізгі жасы– V-ІХ сынып оқушылары (11-15 жас). 
Мектеп 5 күндік оқу аптасы режимінде жұмыс істейді. Мектептегі сабақтар екі ауысымда өтеді. Мектеп ұжымында жоғары педагогикалық білімі бар 18 педагог қызмет атқарады.
 «Педагог-модератор» - 1 
«Педагог-сарапшы» – - 3 
«Педагог-зерттеуші» – 14 
Магистр-1
Өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталған педагогтар: 
Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгі иегерлері – 3
 «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкерлері» төсбелгісімен-5 
ҚР Білім министрлігінің Алғыс хатымен және грамотасымен -16 
ҚР Білім министрлігінің құттықтау хаты -1 
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың мұғалімдер күніне арналған алғыс хатымен -1 «Балдәурен» РОСО Білім кешенінде білім берудің бірқатар ерекшеліктері бар: сыныптар уақытша балалар бірлестігі болып табылады; 
қысқа мерзімді оқу процесі (3 апта); 
оқушылардың оқуға дайындығының деңгейі әртүрлі (жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, мамандандырылған сыныптардың балалары); 
үй тапсырмасы берілмейді.
Білім кешенінде  заманауи техникалық құралдармен жабдықталған 17 оқу кабинеті бар.
Мектеп сыныптары;
2 қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті;
2 орыс тілі мен әдебиеті кабинеті;
1 ағылшын кабинеті
1 информатика кабинеті
2 математика кабинеті;
1 тарих, география, биология, физика, химия кабинеті.
Дене шынықтыру сабақтары спорт залында, бассейінде, ойын залында, спорт алаңдарында өткізіледі.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері пәндік апталықтар болып табылады, олардың аясында ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, ток-шоу, әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер, дебаттар, өнер, мәдениет, ғылым қайраткерлерімен кездесулер өткізіледі. Әр түрлі іс-шаралар оқушылардың  үлкен қызығушылықтарын тудырады, бұл олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. 
Білім беру бағдарламасына енгізілген мектептің басты міндетін шешу үшін келесі жағдайлар қарастырылған: 
оқу жоспары жасалған; 
мектептің әдістемелік қызметінің құрылымы құрылған;
мектеп жұмысының тиімді шарттарының бірі – мектепішілік бақылау негізінде мониторинг енгізілді. 
Жас мұғалімдердің нәтижелі кәсіби қалыптасуына ықпал ету үшін «Жас мұғалім мектебі» ұйымдастырлған;
оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын енгізу және педагогикалық тәжірибені тарату үшін  және практикалық материалдарды ұсыну мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің шығармашылық топтары жұмыс істейді; 
тиімді оқытуды дамыту және тәжірибе алмасу үшін қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша шығармашылық топтар жұмыс жасайды.
Білім беру кешенінің мұғалімдері  сапалы білім беру мақсатында  инновациялық технологияларды белсенді пайдаланады. Жыл бойы  акт, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын, ойын технологияларын қолдана отырып, үнемі ашық сабақтар өткізеді.
Жыл сайын мұғалімдер халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, сайыстарға, семинарларға белсенді қатысып қана қоймай, осы іс-шараларды өткізудің бастамашысы болып та табылады.
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner