Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Жаныңа жақын, адал дос таба білу нағыз бақыт. Достық ұғымы шегі жоқ кең ұғым. Халықаралық достық пен бірлікті дәріптеу мақсатында БҰҰ-ның шешімімен 30 шілде – халықаралық достық күні болып аталып өтуде.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өзінің 65-қарарында қоғамдар арасында көпірлер жасап, халықтар мен мемлекеттерді, әлемнің бүкіл азаматтарын бір бірімен дос болуға шақырады. Ал Қазақстан, өз кезегінде, әлемдік аренада бейбіт мемлекеттің үлгісі болып табылады.
Балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту мен нығайту үшін «Балдәурен» ұжымы барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қолайлы жағдай жасап, балалар арасындағы халықаралық достықты нығайтуға өз үлесін қосуда.
Халықаралық достық Күні аясында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Достық көпірі» атты халықаралық онлайн-кездесуге қатысты.
Онлайн-кездесу: Беларусь, Ресей, Қазақстан, Болгария, Қытай, Малайзия, Ливан және Молдавиялық жасөспірімдер мен балалардың басын қосты.
Телекөпірдің әрбір қатысушысы шығармашылық тосын сый дайындады. Балалар музыкалық компазицияларды орындап, «Қазіргі әлемдегі Достық» тақырыбына пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар балаларға арналған лагерьлер мен орталықтарда таба алған достары мен достық хикаялары жайлы айтып берді.
Кездесу қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, балалар арасындағы халықаралық достықты нығайта түсті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner