Биылғы 2021 жыл қазақстандықтар үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы атаулы күнге байланысты, «Балдәурен» РОСО-да «PRO. INFOBaldauren-2021 «Мектептің БАҚ медиафорумы», «Жаса, жайна, Тәуелсіз Қазақстан», Қазақстанның жас патриоттары мен көшбасшылары жиыны» атты 15 ауысым шеңберінде 24-қарашада «Балдәурен» РОСО-нда «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шара барысында бағдарлама жүргізушілері Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы негізгі тарихи кезеңдер туралы,Тәуелсіздіктің 30 жылдық кезеңіндегі дамуы мен оның жетістіктері туралы, көптеген ғасырлар бойы қазақ халқының егемендік үшін жүргізген күрестері туралы мәлімет берді.
Кеш бағдарламасында қазақстандық ақындардың Отан, туған жер туралы өлеңдері, Тәуелсіздік күніне арналған балалардың өз авторлық өлеңдері шабытпен оқылды. Сахнада талантты домбырашылар Шыңғыс Фараби (Алматы қаласы), Иван Сәттібек (Атырау облысы) және педагог-ұйымдастырушы Алидар Өміралиннің орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйі орындалды. Сонымен қатар, қатысушылар сахнада өздерінің вокалдық, хореографиялық, сахналық және театрлық шеберліктерін көрсетті.
Балдәурендіктер осындай іс-шараларға қатыса отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, танымдық қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік алады. Кейбір балалар сахна төріне алғаш рет шығып, өз шығармашылықтарын танытуда үлкен шабыт пен қуанышқа бөленді. Музыкалық-әдеби кештің қатысушылары мен көрермендері шығармашылық атмосферасына, тарихқа деген терең эмоционалды-сезімдік көзқарасқа толы болды. Іс-шара соңында көрермендер Тәуелсіздік күніне арналған викторинаға қатысып, залмен бірге танымал «Атамекен» патриоттық әнін шабытпен шырқады.