ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2024 жылға арналған ауысымдардың жоспар-кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 19 наурыз және 7 сәуір аралығында «Наурыз. Шабыт. Шығармашылық» балалар шығармашылығы фестивалі» атты 2024 жылғы 4-ауысымы өтеді.

 

Ауысым қатысушылары: Ауыл мектептерінің балалары, этномәдени клубтардың, үйірмелердің, студиялардың қатысушылары, балалар шығармашылығы байқауларының жеңімпаздары, халық әндерін орындаушылар, жас ақындар, ұлттық аспаптардың шығармашылық ұжымдары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

 

Ауысым мақсаты: салт-дәстүрді меңгерту арқылы оқушылардың мәдени мұраға қызығушылығын қалыптастыруға, танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ету; өз еліне деген мақтаныш сезімін дамыту.

 

Ауысым міндеттері:

1. Шығармашылықтың идеялық-көркемдік деңгейін арттыру, баланың жеке басының қалыптасуына ықпал ету;

2. Әр ауысымға қатысушыны шығармашылық, танымдық үрдіске баулу арқылы жас ұрпақтың бойына поэзияға, шешендік өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, білім мен тәрбие беру ортасын қалыптастыру;

3. Патриоттық сезімге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, рухани мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

 

Ауысым бағдарламасында:

 

  1. «Наурыз – достық мерекесі!» топ визиткасын қорғау кеші;
  2. 2024 жылғы 4-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  3. 2024 жылдың 4-ауысымының салтанатты ашылуы;
  4. «Baursak-Party»;
  5. «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік кеш
  6. «Zhastar» концерті;
  7. «Наурыз – жыл басы» фотосушка көрмесі;
  8. «Жаңа жасыңмен, балақай» туған күн иелерін бекет бойынша құттықтау;
  9. «X Factor» балалар шығармашылық байқауы;
  10. «Олимпия» спорттық мерекесі;
  11. «Наурыз-Көктем» хор әндері байқауы;
  12. «Ұлы дала әлемінде» ұлттық ойындар бекеті;
  13. «Ұлттық құндылық – халық қазынасы» шығармашылық кеш;
  14. «Star teenager» би байқауы;
  15. 2024 жылдың 4-ауысымының салтанатты жабылуы және гала концерт.

 

 

2024 жылдың 4-ауысымының салтанатты ашылуы 22 наурыз күні сағ. 12.00-де.

2024 жылдың 4-ауысымының салтанатты жабылуы 5 сәуір күні сағ.16.30-да.

 

 

Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner