«Балдәурен» РОСО халықаралық балалар шығармашылық фестивальдерін, патриоттық іс-шаралар байқауларын өткізетін орын болып табылады.
Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында «Балдәурен» РОСО «Зубренок» ҰББСО, «Океан» Бүкілресейлік балалар орталығының ауысым қатысушыларымен «Читаем Жамбыла вместе» және тарихи тұлғалар – Александр Невский мен Жамбыл Жабаевтың мерейтойлары аясында «Океан» ББО және «Зубренок» ҰББСО- ауысымының қатысушыларымен «Большой диктант» халықаралық акцияларын өткізді.                                                                                                                                                                                                                                                                  
2009 жылғы 26 қазанда Еуропалық Бизнес Ассамблеясының Тағайындаулар комитеті (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) «Балдәурен» Республикалық оқу  және сауықтыру орталығының (Қазақстан Республикасы) еңбек ұжымының жұмысын жоғары бағалап, Халықаралық марапат «Еуропалық сапа» орденімен марапаттады.
Орталықта Халықаралық суретшілер симпозиумына қатысушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылатын Сурет галереясы орналасқан. Бұл симпозиум бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді, оған Қазақстанның 16 облысынан, сондай-ақ көршілес елдерден үздік суретшілер қатысты. 
Жыл сайын Білім министрлігінің қамқорлығымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы арқылы Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Өзбекстан, Венгриядан балалар келетін дәстүрлі халықаралық ауысымдар өткізіледі.
Балалармен шығармашылық кездесулерге әдебиет пен өнер қайраткерлері, ғарышкерлер мен спортшылар, депутаттар мен саясаткерлер, ғалымдар, журналистер, соғыс және еңбек ардагерлері, жас орындаушылар мен өнер қайраткерлері және Қазақстан халықтары ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Мәскеу қалалық үкіметінің ағарту қызметкерлерінің үлкен делегациясы, Жапония, Түркия білім беру жүйесінің өкілдері, екі еуропалық балалар ұйымының және ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ(Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) және т.б. халықаралық ұйымдар, Үндістан, Түркия, Корея және басқа елдердің Қазақстан Республикасындағы елшілері бірнеше рет келді.
Орталық базасында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, сонымен қатар Польша, Финляндия, Чехиядан келген студенттер жазғы тәжірибеден өтеді.
Орталықтың білім кешенінің ұстаздары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың, шығармашылық кездесулердің, байқаулардың, онлайн кездесулердің белсенді қатысушылары болып табылады.
«Зубренок» ҰББСО ауысым қатысушыларымен халықаралық онлайн кездесулер:
 -«Беларусь и Казахстан: ориентиры дружбы». 
-«Молодежное лидерство: современный взгляд».
-«Профессия педагога: современный взгляд».
-«Мой народ – моя гордость».
Орлёнок ББО ауысым қатысушыларымен халықаралық онлайн кездесулер:
-«Спасибо, лагерь!» Халықаралық лагерьлер достастығы жаһандық науқаны аясында.
-«Профессиональные старты».
Ауысымға қатысушыларға арналған «Этномәдени фестиваль «Вместе мы – КАЗАХСТАН!» («Балдаурен» РОСО) және «Детский МедиаСаммит» (ББО "Океан"). халықаралық онлайн форматтағы іс-шара.
5 адамнан тұратын «Балдәурен» РОСО делегациясы 2021 жылдың қазан айының 18-22 күнлері аралығында Ресей Федерациясының «Смена» Бүкілресейлік балалар орталығының базасында өткен «Большие смыслы– 2021» балалар демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырушылардың Бүкілресейлік форумына қатысты.
Форум аясында 2030 жылға дейін балалардың демалысы мен сауықтыру саласын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар талқыланып, тұжырымдалып, балалардың шығармашылық, зияткерлік және көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстың жаңа тәжірибелері мен нысандары ұсынылды. Форум бағдарламасы асында пионер қозғалысының 100 жылдығына арналған «Сердце вожатого» телекөпірі болды.
«Балдәурен» РОСО (ҚР) мен «Орлёнок» ББО (РФ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында тәжірибе алмасу мақсатында жемісті ынтымақтастық жүргізілуде. Соңғы жылдары орталықтар конференция, форум, оқытушылық тағылымдамалар мен телекөпір жұмыстарына қатысып, ерекше белсенділік танытты. Сондай-ақ, «Балдәурен» РОСО (ҚР) мен «Орлёнок» ББО (РФ), «Океан» ББО (РФ) арасында қол қойылған екіжақты келісім аясында орталықтар қызметкерлерінің және ауысымға қатысушы балалар арасында делегацияларымен алмасулар орын алады. 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner