ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2026 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың  23 ақпан және 14 наурыз аралығында «КреативLab «Шығармашылық зертханасы»  атты 3-ауысым өтеді

         Ауысым қатысушылары: жас суретшілер, дизайнерлер, сәнгерлер, фотографтар, қолданбалы өнер бойынша халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегерлері, ҚР ҚҚ әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары

 

         Ауысым мақсаты: Ауысымға қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың креативті ойлауы мен жобалау қызметінің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру және шығармашылық орта құру

 

         Ауысым міндеттері:

 

  • ауысымға қатысушылардың физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік дамуына жағдай жасау;
  •  бейнелеу өнері, дизайн, қолданбалы өнер бағыттары бойынша заманауи және дәстүрлі техникаларды меңгеруге мүмкіндік беру;
  • ұлттық құндылықтар негізінде азаматтық сананы, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

 

        Ауысым бағдарламасында:

  1. «Creative lab – танысу алаңы» танысу кеші;
  2. «QADAM» өзін-өзі басқару ұйымына 3 ауысым үміткерлермен танысу;
  3. «Art. Lab» топ визиткасын қорғау кеші;
  4. 2026 жылғы 3-ауысымның салтанатты ашылуы;
  5. «ZHASTARMEN BIR TOLKYNDA» «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
  6. «Шығармашылық эксперимент» шығармашылық  байқау;
  7. «Олимпия» СМ;
  8. «Үздік жас суретші» байқауы;
  9. «Үздік қолөнер» байқауы;
  10. «Art baldauren» бекет бойынша ойыны;
  11. «Жарқыра, бақыт жұлдызы» туған күн иелеріне арналған  құттықтау кеші;
  12. «LEVEL Х» кодталған маршурт ойыны;
  13. «Балдәурен - менің көзіммен 2050» эко – қалдықтардан картина жасау байқауы;
  14. «Дизайн коды» байқауы;
  15. «Қыл қалам шебері – Әбілхан Қастеев» әдеби – шығармашылық кеш;
  16. «Аруларға арнау» мерекелік концерті;
  17. «Өнердің үні» көрмесі;
  18. 2026 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы және «Балдәурен – мәңгі жүректе!» гала-концерты.

 

       2026 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы 26 ақпан күні сағ.17.00-де.

2025 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы 12 наурыз күні сағ.16.30-да.

 

Біздің мекен-жай: 021700, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru

                                                                 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner