ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2026 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 23 ақпан және 14 наурыз аралығында «КреативLab «Шығармашылық зертханасы» атты 3-ауысым өтеді
Ауысым қатысушылары: жас суретшілер, дизайнерлер, сәнгерлер, фотографтар, қолданбалы өнер бойынша халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегерлері, ҚР ҚҚ әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары
Ауысым мақсаты: Ауысымға қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың креативті ойлауы мен жобалау қызметінің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру және шығармашылық орта құру
Ауысым міндеттері:
- ауысымға қатысушылардың физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік дамуына жағдай жасау;
- бейнелеу өнері, дизайн, қолданбалы өнер бағыттары бойынша заманауи және дәстүрлі техникаларды меңгеруге мүмкіндік беру;
- ұлттық құндылықтар негізінде азаматтық сананы, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Ауысым бағдарламасында:
- «Creative lab – танысу алаңы» танысу кеші;
- «QADAM» өзін-өзі басқару ұйымына 3 ауысым үміткерлермен танысу;
- «Art. Lab» топ визиткасын қорғау кеші;
- 2026 жылғы 3-ауысымның салтанатты ашылуы;
- «ZHASTARMEN BIR TOLKYNDA» «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
- «Шығармашылық эксперимент» шығармашылық байқау;
- «Олимпия» СМ;
- «Үздік жас суретші» байқауы;
- «Үздік қолөнер» байқауы;
- «Art baldauren» бекет бойынша ойыны;
- «Жарқыра, бақыт жұлдызы» туған күн иелеріне арналған құттықтау кеші;
- «LEVEL Х» кодталған маршурт ойыны;
- «Балдәурен - менің көзіммен 2050» эко – қалдықтардан картина жасау байқауы;
- «Дизайн коды» байқауы;
- «Қыл қалам шебері – Әбілхан Қастеев» әдеби – шығармашылық кеш;
- «Аруларға арнау» мерекелік концерті;
- «Өнердің үні» көрмесі;
- 2026 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы және «Балдәурен – мәңгі жүректе!» гала-концерты.
2026 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы 26 ақпан күні сағ.17.00-де.
2025 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы 12 наурыз күні сағ.16.30-да.
Біздің мекен-жай: 021700, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru





