«Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі.»
Қасым-Жомарт Тоқаев
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 17-19 сәуір аралығында «Тәлімгер» мамандығының 100 жылдығына және Балалар жылына арналған «Балалық шақ навигаторлары» педагогикалық отрядтардың Республикалық слеті өтті.
Слеттің мақсаты: балаларды жыл бойы сауықтыру, демалу және жұмыспен қамту жүйесін ұйымдастырудың сапасы мен тиімділігін арттыру, осы қызмет саласының кадрлық әлеуетін дамыту.
Слеттің міндеттері: Қазақстан Республикасының студенттік педагогикалық отрядтар қозғалысын, жастарды ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде насихаттау, педагогикалық отрядтар арасындағы кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, ең табысты педагогикалық отрядтар мен олардың қатысушыларын анықтау және қолдау және слетке қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Слетке Қазақстан Республикасының әр аймағынан 12 педагогикалық топтар қатысты.
«Тәлімгер» мамандығының 100 жылдығына және Балалар жылына арналған «Балалық шақ навигаторлары» педагогикалық отрядтардың Республикалық слетінің салтанатты ашылу кеші слет бағдарламасына сәйкес 18-ақпан күні өтті. Салтанатты ашылу кешінен соң қатысушы педагогикалық отрядтар «Тәлімгер мамандық емес-тағдырдың тартуы!» атты жетістік көрмелерін таныстырып шықты. Барлық қатысушылар өздерінің жетістіктерін, марапаттауларын төрешілер мен көрермен назарына ұсынып, топ жұмысы жайлы да ақпарат берді. Әр топ бұл көрмеге өте креативті дайындалғандары төрешілер назарынан тыс қалмады.
Көрмеден соң, слет жалғасын КТК ойындарында тапты. Бұл кездесудің ең қызықты, маңызды бөлігі және ұйытқысы КТК ойындары болғаны сөзсіз.
Ойыншылар өз өнерлерін КТК ойындарының 3 түрлі кезеңдерінде көрсетуге мүмкіндік алды.
І кезең «Сәлемдесу-командаларды таныстыру»
ІІ кезең «Триатлон»
ІІІ кезең «Музыкалық үй тапсырмасы»
Сәлемдесу топтың визит карточкасы болғандықтан ойынның бірінші турында ойыншылар команданың имиджін ашуға және көрермендер мен қазылар алқасы үшін көңілді атмосфераны құруға тырысты.
Ал екінші тур «Триатлон» бұл-мәтіндік әзілдер байқауы. Бұл кезеңде қазылар алқасы тек әзілдерді ғана емес, сонымен қатар ойыншының актерлік шеберлігін де бағалады. Барлық қатысушылар өте шебер ойын көрсеткендіктен, қазылар алқасына таңдау жасау қиынға соқты. Дегенмен, қазылар алқасы әр қатысушының ойынын әділ бағалады.
Бұл күннің жарқын қорытындысы педагогикалық топтардың концерті болды. Концерт қатысушылардың өздері сияқты креативті және есте қаларлықтай, өте қызықты өтті.
19-сәуірде қатысушыларды тағы бір жарқын күн күтіп тұрды. Педагогикалық топтардың өкілдері TEDx форматында «Болашақтың тәлімгері қандай болуы керек» тақырыбында презентация қорғады. Әр өкіл тәлімгер ретінде өз көзқарасымен бөлісті. TEDx бағдарламасы жергілікті қауымдастықтарға, ұйымдарға және жеке тұлғаларға пікірталас тудыруға және TED — тің басты миссиясы - "Таратуға лайықты идеялар" бойынша адамдарды біріктіруге көмектесу үшін жасалған. Бұл формат Қазақстанда жаңа бастау алып келе жатқандықтан, слеттің ерекшелігі болды.
Күннің екінші жартысында «Музыкалық үй тапсырмасы» КТК ойындарының үшінші кезеңі жалғасты. Музыкалық үй тапсырмасы- КТК-дағы ең көне байқаулардың бірі. Бұл кезеңде қатысушылар ән мен әзілді біріктірді.
Барлық педагогикалық ұжымдар тамаша ойын көрсетті. Дегенмен, әр аламанның өз жеңімпазы болады. Слеттің көптен күткен нәтижелері слеттің жабылу салтанатында жарияланды.
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға:
• Гран-при – «Единство» педагогикалық тобы
• І орын – «Айшуақ» педагогикалық тобы
• ІІ орын – «Eight Q» педагогикалық тобы
• ІІІ орын – «Жайық жастары» педагогикалық тобы - ие болды.
Жеңімпаздарға грамоталар, сыйлықтар және алғыс хаттар табыс етілді. Гран-при жүлдегері ақшалай сыйлыққа ие болды. Барлық жеңімпаздарды адал жеңістерімен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіздер!