ТАЛАПТАР

"БАЛДӘУРЕН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА ДЕМАЛУҒА, САУЫҒУҒА ЖІБЕРЕТІН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

1. "Балдәуренге" балалар мен жасөспірімдер мектеп кезеңінде 13-15 жас аралығында (7-9 сыныптар),  жазғы кезеңде – 10 жастан бастап (5-10 сыныптар) жіберіледі.

2. Медициналық бақылауды "Балдәурен"РОСО формасына сай  (pdf түрінде беілген)учаскелік педиатр-дәрігер  денсаулық жағдайын  бағалай отырып,  практика түрінде дәрігері толтырады.

3. Зертханалық зерттеулердің деректері:

* Қанның жалпы талдауы;

* Жалпы зәр анализі;

* Гельминт жұмыртқаларына нәжісті талдау 3-реттік;

* Ішек тобына нәжісті талдау;

* Жұтқыншақ пен мұрыннан дифтерияны талдау;

* 15 жастан бастап Флюрография.

4. 21 күн ішінде жұқпалы аурулармен байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар, оның ішінде:

-  14 күн ішінде covid-19 бойынша байланыстың болмауы;

-  covid-19 зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі, келместен 72 сағат бұрын тапсырылған болуы

5. Балалар мен жасөспірімдер жасы бойынша және тұратын аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып егілуі тиіс. 063 / у формасының көшірмесін ұсыну.

6.  "Балаға арналған сауалнаманы" ата-анасы немесе қамқоршысы толтырады;

7. "Балдәуренге" келген барлық балалар мен жасөспірімдер міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді; олардың ішінде денсаулық жағдайы бойынша орталыққа жолдамамен тұруға қарсы көрсетілімдері бар, сондай-ақ медециналық картасы толық толтырылмаған балалар картаны толтырған мекемелер және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары мекен-жайына хабарлана отырып карталар мен жолдамалар жіберген ұйымның немесе ата-анасының есебінен , кері қайтарылады.

Орталықтарға бағыттау және қабылдау үшін қарсы көрсеткіштер:

- жедел кезеңдегі барлық аурулар;

- әртүрлі мүшелер мен жүйелер туберкулезінің барлық түрлері;

- диспансерлік есептен шығарылғанға дейін белсенді және кірісаралық кезеңдегі ревматизм;

- жүрек пен қан тамырларының жүре пайда болған және туа біткен ақаулары, оның ішінде операция жасалғандар;

- гипертония ауруы;

- қан және қан өндіру органдарының аурулары;

- эпилепсия, басқа да құрысу ұстамалары және олардың баламалары;

- жіті психикалық аурулар және реактивті жағдайлар;

- бронхоэктатикалық ауру, бронх демікпесі;

-асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы;

- жедел нефрит, пиелонефрит-процесс тоқтағаннан кейін 5 жылдан ерте емес, созылмалы нефрит, пиелонефрит, бүйрек-тас ауруы, бүйректің туа біткен ауытқулары,

олардың функцияларын бұзумен қатар жүретіндер;

- эндокриндік жүйе аурулары, қант диабеті, тиреотоксикоз;

- барлық жұқпалы, паразиттік тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақ зақымдануы және т. б.)

- кез келген локализациядағы қатерлі ісіктер;

8. Медициналық ақпараттық жүйеден Анықтама.

Жұқпалы аурулардан кейін реконвалесценттерді жіберген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрықтарын басшылыққа алған жөн.

Тістерді санациялауды қажет ететіндер 

 Педикулез бар балалар санитарлық тазалаудан өтуі қажет.

/uploads/baldauren/blank%20medosmotra.pdf

Балаға арналған сауалнама

 

 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner