«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауы

     Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, оларды Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде бекіту мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауы (әрі қарай – Байқау) өткізіледі. Байқау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РОСО» РМҚК базасында өтеді.

Байқаудың міндеттері:

  • талантты жас педагогтерді анықтау;
  • педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;
  • жас педагогтердің инновациялық идеяларды және түрлерді іздеу ісін жетілдіру;
  • жас педагогтерді дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;
  • педагогикалық қауымға жас педагогтердің жетістіктерін тарату.

Байқаудың қатысушылары барлық типтегі білім мекекмелерінің байқауға қатысуға өтініш берген  барлық педагог қызметкерлері:

  • жоғары және кәсіби орта білімді;
  • білім мекемесінде үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар жас педагогтер қатыса алады.

Байқау ережесі


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner