«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIIІ Республикалық байқауы

       Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық қызметін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, оларды Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына бекіту мақсатында, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIIІ Республикалық байқауы өткізіледі. Байқау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы өткізеді.

       Байқаудың міндеттері:

  • талантты жас педагогтерді анықтау;
  • педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;
  • жас педагогтердің инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеуге ынтасын дамыту;
  • жас педагогтерді дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;
  • педагогикалық қауымға жас педагогтердің жетістіктерін тарату.

       Байқау қатысушылары – байқауға қатысуға өтініш берген барлық типтегі білім беру ұйымдарының педагогтері:

  • жоғары және кәсіби орта білімді;
  • білім мекемесінде үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар жас педагогтер қатыса алады.

ЕРЕЖЕ ЖҮКТЕУ


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner