"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы "Балдәурен" РОСО-да 2-7 сынып оқушыларына арналған "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVII Республикалық конкурсын өткізді. Жас зерттеушілер байқауы 9-11 ақпан аралығында өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін дамыту және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау.
«Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVІІ Республикалық конкурсына арнайы Қазақстанның барлық аймақтарынан 400-ге жуық қатысушылар жиналды.
Құзыретті қазылар алқасы ретінде жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, педагог-шеберлер, Қазақстан Республикасының жетекші білім беру ұйымдарының зерттеушілері шақырылды.  
Зерттеу істеріне қызығушылық танытқан жас қатысушылар филология, тарих, техникалық және жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ медицина және психология саласындағы өз жұмыстарын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік қатысушылар жүлдегер атанды.
Жүлдегерлерді, олардың тәлімгерлері мен ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Талантты балдырғандардың бағындырар шыңы көп болсын!

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner