"Балалар міндетті түрде бақытты болуы керек, өйткені балалық шақ – ең керемет кезең.»
Павел Крусанов
 
         «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2022 жылдың 2-ауысымының «Болашақ іргетасы» мектеп парламентінің, өзін-өзі басқару органы көшбасшыларының кездесуі» атты салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Ауысымға: Мектеп парламентінің, мектептің өзін – өзі басқару органдарының «Жас Ұлан»  бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымның белсенділері  қатысты.
Аусым аясында  «Bright stars» шығармашылық байқауы, «Достық элементі – Балдәурен!» топ визиткаларын қорғау кеші, «Интеллект» зияткерлік ойыны және ауысым тақырыбына сай «АтомИум» ойыны өтті.
Орталығымызда демалушы балдырғандарымыз ауысым аясында өз шеберліктерін, білімдерін көрсетіп, барлық іс-шараларға белсене қатысты. Аусымның жабылу кешінде, ауысым аясында өткен барлық іс-шараларды қорытындылап, белсенді қатысушыларды марапаттау салтанаты өтті. Балалар «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында танымдық білім алып, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізіп, өздерін жаңа қырларынан танып, жақын достар мен естен кетпес естеліктер таба алды деген сенімдеміз!

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner