18 желтоқсан «Балдәуренде» 2021 жылдың соңғы ауысымы өз мәресіне жетті. Ауысым ерекше әрі қызықты өтті. Ауысым жоспары аясында - «Намыс дода» спорттық – сауықтыру танымдық ойыны, «Музыкальная интуиция» шоу кеші, «Тұғыры биік – Тәуелсіздік!» тарихи – танымдық кеш, «New year miracle» жаңа жылдық бейнеклиптер байқауы сонымен қатар қызығушылық үйірмелері және тағы да басқа іс-шаралар өтті. Ауысымның ең айтулы оқиғаларының бірі- «Балдәурен» РОСО-ның 19-шы туылған күні өтті.                            Бұл ауысымға  жас әншілер, бишілер, шығармашылық ұжымдар және шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары жиналды. Қатысушылар ауысым қорытындысын шығарып, ең жарқын естеліктерін еске алды. Балалар «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында танымдық білім алып, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізіп, өздерін жаңа қырларынан танып, жақын достар мен естен кетпес естеліктер таба алды деген сенімдеміз. 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner