Бүгін Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінде «Арт Бурабай» студиясының құрылғанына 10 жыл толуына арналған көрме өтті. «Шабыт салтанаты» шығармашылық гильдия» атты 2023 жылғы 3-ауысымның қатысушылары көрмеге барып, «Арт Бурабай» студиясы суретшілерінің туындыларымен танысып, шеберлік сабақтарын алды. 
Портреттер, пейзаждар, натюрморттар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қатысушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырса, тәжірибелі суретшілер өз білімдерімен бөлісті. 
Шығармашыл балдәурендіктер бұл көрмеден оң әсер және жаңа туындылар мен бастамаларға шабыт алды. Ауысым барысында осы іспеттес шығармашылық іс-шаралар өз жалғасын табады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner