22 маусым күні «Балдәурен» РОСО-да «Шығармашылық толқынында» атты алғашқы топтық іс-шара өтті. Онда балалар өз топтарының атымен, ұранымен таныстырып, шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Әрбір топ өз өнерлерін өте креативті түрде көрсетті, өйткені дайындық барысында тәлімгерлер балалардың шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамытып, жалпы эмоционалдық көңіл-күйлерін орнықтырған болатын. Балалар үшін бұл кеш маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Көңілдеріндегі қобалжуларына қарамастан, барлық топтар жақсы өнер көрсетті. Алдағы уақытта барлық іс-шараларда топ арасындағы бірлікті сақтай отырып, жоғары нәтижелерге жетулеріңізге тілектеспіз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner