2024 жылдың 5-ші ауысым аясында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Менің халқым – менен жоғары» жас зерттеушілер слетінің Щучье қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының демалушы балаларымен және «Зубренок» Ұлттық балалар орталығында (Беларусь) демалушы балалар арасында онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесудің мақсаты: оқушылардың назарын экологиялық проблемаға аудару, экология және экологиялық проблемалар туралы түсініктерін кеңейту, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, экологиялық мәселелерді шешудегі белсенді ұстанымын дамыту. Кездесу қатысушылардың қазақ және беларусь тілдеріндегі құттықтауларымен басталды. Одан әрі ауысымның мазмұны мен қызметімен, азаматтық-патриоттық бағыттағы орталықтардың қызметімен таныстырылды. Кездесу тақырыбы бойынша пікір алмасу, ашық микрофон желісі қызықты өтті. Біздің орталықтың оқушылары «Жер – біздің ортақ үйіміз!» онлайн ойынында жақсы білімдерін көрсетті. Жарайсыңдар достар!