«Тапқыр достар» – атты зияткерлік-танымдық ойынға 5-7 және 8-9 сынып оқушылары қатысты. Топтар фильмдер, көркем шығармалар мен мультфилім кейіпкерлері жайлы қызықты фактілерді қаншалықты білетіндіктерін жарыса көрсетті. Әр топ жеңіске жетуді мақсат етті.
Ойын өте қызықты болды. Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, белсенділік танытты. Қатысушылар көркем әдебиет, тарих және белгілі тарихи тұлғалардың, ақындар мен жазушылардың, актерлердің өмірбаяндық фактілері туралы жақсы білімдерін көрсетіп, қазылар алқасын таңқалдырды. Көрермен қауым үшін де интерактивті викторина ұйымдастырылды. Ойыннан кейін команда капитандары өз әсерлерімен бөлісті. «ДосSTAR» командасының мүшесі Ахметов Ерасыл: «Бүгін тапқыр сұрақтар, мықты қарсыластар және үлкен толқулар болды», - деп ойын білдіре кетті. Осы іс-шараға қатысқан және іс-шараға жағымды эмоционалды көңіл-күй білдірген педагог-ұйымдастырушылар: «Бүгін біз тәрбиеленушілеріміздің жақсы ойын көрсетіп, өздерін еркін және сенімді ұстай білуін, ұсынылған тақырыптарға ой жүгірте білуін көрдік», - деп мақтанышпен атап өтті.
Қатысушылар өздерінің жан-жақтылықтарын көрсете білсе, ал көрермендер көптеген жарқын әсерлер мен жаңа білім алды. Турлардың қорытындысы бойынша орта жас тобындағы «Достар» командасы және жоғары жас тобындағы «ДосSTAR» командасы жеңіске жетті! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!