Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоспарына сәйкес жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында республика педагогтерінің тамыз конференциясы өткізіледі. 

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп 2022 жылдың 15 тамызында балалар орталықтары/лагерьлері педагогтерінің «Заманауи балалар орталықтарының тәрбие міндеттерін трансформациялау: жетістіктер, мәселелер, перспективалары» атты тамыз конференциясын өткізеді. 
Конференция бағдарламасында пленарлық отырыс, секция жұмыстары және тақырыптық пікірталастар қамтылған. Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. 

Модератор - «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Бас директоры Алибаев Сержан Төлеметұлы.

Конференцияның мақсаты: Ұлттық құндылықтарды еңгізу және болашақтың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы рухани-адамгершілік тәрбиенің тиімділігін арттыру.

Конференцияға 500 адам қатысады, оның ішінде ҚР АОМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, Ресей Федерациясының «Артек» ХБО, «Океан» ББО, «Орленок» ББО, «Смена» ББО, Беларусь Республикасының «Зубренок» ҰБО, «Балдәурен» РОСО және оның филиалдарының, облыстық балалар орталықтарының/лагерьлерінің және "Қамбаш" олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының, SAMGAU жасөспірімдердің әлеуметтік инновация және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту қоғамдық бірлестігінің өкілдері және т.б

Спикерлер: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Бас директоры Алибаев Сержан Төлеметұлы,  Беларусь Республикасының «Зубренок» ҰБО директоры Онуфриева Надежда Геннадьевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Орленок» ББО білім беру қызметі, персоналды басқару және қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары Спирина Людмила Викторовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Океан» ББО педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау бөлімінің әдіскері Дехаль Светлана Георгиевна, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының директоры, PhD, профессор Елшібаева Қүлмаш Ғалымжанқызы, «Смена» ББО білім басқармасы басшысының орынбасары Юдичева Наталья Евгеньевна.
 
 
Конференцияның секциялары 

- балалар орталықтары/лагерь басшыларының секциясы; 
-оқу/білім беру кешендерінің (мектептердің) басшылары мен директорларының орынбасарлары, ҒӘБ басшылары секциясы; 
- «Ұлттық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерден жаратылыстану-математикалық білім берудің жаңа сапасына» атты жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің секциясы; 
- «ҚГЦ пәндерінде білім сапасын арттырудың мәселелері мен перспективалары, сабақтардың тәрбиелік әлеуеті» атты қоғамдық-гуманитарлық цикл мұғалімдерінің секциясы; 
- «Ұлттық құндылықтарды жүзеге асыру арқылы қосымша білім берудің тәрбие қызметінің тиімділігін арттыру» атты қосымша білім беру педагогтерінің секциясы; 
- «Ұлттық рухани құндылықтар контексіндегі дене шынықтыру мен спорттың заманауи үрдістері» атты дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт нұсқаушыларының секциясы; 
- «Балалар мен жасөспірімдердің қысқа мерзімге келу шеңберінде БСО-да жайлы психологиялық орта құру» атты балалар орталықтары/лагерьлер педагог-психологтарының секциясы; 
- «Балаларды сауықтыру орталығы балаларды рухани-адамгершілік дамыту және тәрбиелеу зертханасы ретінде» атты тәрбие кешендерінің директорлары, ұйымдастырушы-ұстаздар/тәлімгерлер, ауысым әдіскер-кураторларының секциясы.

Конференция келесі міндеттерге ықпал етеді: 
- ұлттық құндылықтарды енгізу арқылы балаларды сауықтыру орталықтарында рухани-адамгершілік тәрбиені іске асыру бойынша оң педагогикалық тәжірибені тарату; 
- балалардың оқу-сауықтыру орталықтарының қызметіндегі өзекті мәселелерді шешу; 
- балалар сауықтыру орталықтарының болашақ кәсіби дағдыларын дамытуда жетістіктерін ұсыну; 
- балаларды сауықтыру орталықтары жағдайында оқыту және тәрбиелеу саласындағы халықаралық қатынастарды кеңейту.

Конферения on-line және off-line форматта өтеді. Сонымен қатар, youtube платформасында тікелей трансляциясын бақылай аласыздар.

Тікелей эфирге сілтеме: https://youtu.be/N9NV1MDyX4Y


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner