«Балдәурен» РОСО-да 17-20 мамыр аралығында «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының ақтық сайысы өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінде өткен өңірлік және облыстық іріктеу кезеңінде 7000 қатысушының ішінен оза шапқан 500-ден астам оқушыдан жасақталған 102 команда қатысты.
 «SportFEST Kazakhstan» бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттауды басты мақсатқа алады. 2022 жылды Қазақстан Президентінің балалар жылы деп жариялағаны белгілі, сол себепті спартакиаданың бізге де маңызы зор. 
      Сайықа қатысушылар спорттың алты түрінен бақ сынасты: шахмат, үстел теннисі, баскетбол, ұлдар арасында футзал, әскери қолданбалы спорт, тоғызқұмалақ ойыны.
«SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиада финалының салтанатты жабылу рәсімі 20-мамыр өтті. Жабылу салтанатына спартакиадның облыстық кезеңнің жеңімпаздары, қазақстандық шорт-трекші, 2014 және 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиев, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова, «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері, «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қорының» Бас директоры Айбек Қазығұлов және мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтарды табыс етті. 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner