«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы  Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, спортты дамыту дирекциясының қолдауымен спортшылармен мотивациялық кездесу өткізді. 
Орталыққа Қазақстандық зілтемірші, үш түрлі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің төрт дүркін чемпионы, жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, 94 келіге дейінгі дәрежеле Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин және әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннесс кітабының сонымен қоса, Қазақстанның алты дүркін рекордсмені Сергей Цырульников келді. 

Спортшылар өз табыстарының құпияларын ашып, шеберліктерін көрсетті. Кездесу барысында балалар қызықты сұхбат жүргізіп, көкейлерінде жүрген қызықты сұрақтарына жауап ала алды. 
Даңқты спортшылармен кездесу балаларға жарқын әсер қалдырды. Кездесу соңында ауысым қатысушылары спорт саңлақтарымен естелік фотоға түсті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner