«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе.»
Ғабит Мүсірепов
Ақпан айының 1-жұлдызы «Балдәурен» РОСО-ның Білім кешенінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Советхан Арман 9-сынып оқушылары үшін «Су добы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Балалар сабақ барысында су добының тарихымен, ойын ережесімен, қызықты жаттығулармен танысып, ережесі жеңілдетілген су добын ойнады.
Су добы ойынының шығу тарихы кездейсоқ оқиғаға байланысты. Балалар ұзақ уақыт ыстық күндегі футбол ойынынан кейін суға шомылмақ болып, суға түсіп салқындағаннан кейін, ойынды суда жалғастыра беріпті, бірақ аяқпен тебу мүмкіншілігі болмағандықтан қолмен ойнай бастаған. Міне, кездейсоқ мұндай жағдай су добы ойынын ойлап табуға себепші болған дейді, спорт тарихы туралы деректерде.
Су добы- қызықты әрі денсаулыққа өте пайдалы спорт түрі. Бұл ойын бала денесінің шымырланып, буындарының дамуына ықпал етеді. Оқушылар үшін сабақ қызықты болғандығы олардың белсенділігінен байқалды. Ерекше форматтағы бұл ашық сабақ қатысушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, танымдық білім берді деген сенімдеміз.