2022 жылғы 26-27 қаңтарда «Арман» орталығында «Жас Ұландар» көшбасшыларының онлайн-мектебі өтті.
Слеттің міндеттері:
- Балалар қоғамдық қозғалысын жандандыру, балалардың мемлекет пен қоғам өміріне қатысуына, жоғары адамгершілік, патриотизм, толеранттылық, азаматтық сана-сезім мен демократиялық мәдениет негіздеріне тәрбиелеуге бағытталған балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау;
- Мектеп балалар ұйымдарының тәжірибесі мен жетістіктерімен таныстыру.
Слеттің бірінші күні мектеп көшбасшылары атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Слеттің екінші күні балалар үшін «Балдәурен» РОСО-ның «Жастар» педагогикалық тобының қатысуымен шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Балалар: «Мобилиография», «Lider time»,«Көпшілік алдында сөйлеу» және т. б. шеберлік сабақтарына қатысты.Слеттің арқасында балалар өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып, жаңа білім алып, тәжірибе алмасты.
Іс- шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.