«Балдәурен» РОСО-да 6-ауысым аясында «Жаңа Қазақстанның өркендеуі үшін!» әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктердің республикалық слеті өтуде. 
Слеттің мақсаты: патриоттық тәрбие саласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру; өскелең ұрпақтың жоғары азаматтық белсенділігін тәрбиелеуге жәрдемдесу; рухани-адамгершілік даму және Отан алдындағы жауапкершілік сезімі. 
Слеттің міндеттері: 
• азаматтық сана-сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін нығайту;
• үлкенге ізет, кішіге қамқор болу арқылы ұрпақтардың рухани бірлігін қамтамасыз ету, ел тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;
• жастарды әскери қызметке даярлауға жәрдемдесу.
 
Әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктерді жинау бес кезеңде жүргізіледі: 
1 кезең- саппен жүру және саптық ән байқауы; 
2 кезең-сахналанған патриоттық әндер байқауы; 
3 кезең – «Әскери іс үшін пайдалы» байқауы; 
4 кезең – «Мерген» байқауы; 
5 кезең – «Қорғаныс» байқауы.
 
Слеттің алғашқы кезеңі 11-мамыр күні өтті. Қатысушылар бірінші кезеңде жеке және ұжымдық дайындықтарын көрсетті. 
Жеке дайындық – сапта тұру, сапта жүру, бір орында бұрылу, саптан шығу, сапқа оралу, әскери сәлем беру рәсімі.
Ұжымдық әрекет - бөлім құрамындағы үйлесімділік: бөлімді сапқа тұрғызу, сырт келбеті, бөлімше командирінің  саптық байқауға дайындығы туралы баянаты мен әндері, сәлемдесуге жауаптары, бір орында тұрып және қозғалыста бұрылу, әскери ант беру және ән айтып өту.
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner