«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 5-7 сәуір аралығында педагогикалық топтардың «Объективте - ЖАЗ! Камера! Мотор! Кеттік!» атты Республикалық слеті өтті. 
Слетке қатысушылар: балалар сауықтыру лагерлерінің (орталықтарының) педагогикалық топтары, Қазақстан Республикасы жоғары және арнайы орта оқу орындарының қалыптасқан педагогикалық топтары.
Слеттің мақсаты: Cлет балаларды жыл бойы сауықтыру, демалу және жұмыспен қамту жүйесін ұйымдастырудың сапасы мен тиімділігін арттыру, осы қызмет саласының кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі.
Слеттің міндеттері:
- жастарды ұйымдастырудың тиімді түрі ретінде Қазақстан Республикасының студенттік педагогикалық топтар қозғалысын танымал ету;
- педагогикалық топтар арасындағы кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және нығайту;
- ең табысты педагогикалық топтар мен олардың қатысушыларын анықтау және қолдау;
- Слет қатысушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Қатысушылар педагогикалық топтың визит картасы және «Зал ойындары» атты 2 турдан құралған байқаудан өтті.
Әр топ өз дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Қазылар алқасының әділ шешімі бойынша жүлделі орындар келесі командаларға берілді: 
І орын- «Жігер» 
СҚО, Магжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі
II- орын «Думан»
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
ІІІ орын-«Жайық жастары»
БҚО, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі. 

Барлық қатысушылар номинациялар және сертификаттармен марапатталды. 
Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, келесі кездескенше асыға күтеміз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner