Өтетін күні: 25 қазан 2022 ж.
Өтетін уақыты: 11.00-17.00 час.
Өтетін орны: «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы, (Щучинск қ.).
Қатысушылар: ҚР Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы, Мәжіліс депутаты Смышляева Екатерина Васильевна, ҚР Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, халықаралық спорт шебері Серік Сәпиев, парламенттік пікірталас бойынша ТМД елдерінің абсолютті чемпионы Данияр Асқарұлы, мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері, «Жас ұлан» балалар қоғамдық бірлестігінің өкілдері, пікірсайысшылар.
Республика күніне арналған «Әрекет уақыты» көшбасшылар мен пікірсайысшылардың І республикалық слеті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы оқушылар арасында мектептегі өзін-өзі басқаруды және пікірсайыс қозғалысын дамыту мен насихаттау мақсатында ағымдағы жылғы 25 қазанда Республика күніне арналған «Әрекет уақыты» көшбасшылар мен пікірсайысшылардың І республикалық слетін «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өткізеді.
Слетке 288 жас пікірсайысшылар мен мектеп парламенттерінің көшбасшылары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.
Бүгінгі таңда республикада «Мектеп парламенті» және «Пікірсайыс қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобалары іске асырылуда, олар адам дамуының, оның әлеуеті мен талантының ең жоғарғы шыңы – болашақта өзін-өзі табысты іске асыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Пікірсайыс қозғалысына 100 мыңға жуық оқушы тартылды. 5905 пікірсайыс клубтарында олар өз көзқарастарын дәлелдеуге, өз ұстанымдарын қорғауға ғана емес, басқа адамның позициясын түсінуге, сыни тұрғыдан ойлауға, командада жұмыс істеуге үйренеді.
400 мыңнан астам оқушы өзін-өзі басқару арқылы өз ұйымының қоғамдық өміріне қатыса отырып, әртүрлі әлеуметтік маңызды және пайдалы жобаларға бастамашылық жасайды, өздерінің құқықтық мәдениетін арттырады, барлық оқушылардың мүддесі үшін шешім қабылдай отырып, ұжымды басқарудың бастапқы тәжірибесін алады.
Пікірталас сияқты өзін-өзі басқару да – білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі.
Бұл бастамалардың қазақстандық қоғам үшін маңызы зор. Адам тұлғасының құндылығына бағытталған мектеп оқушылар мен ата-аналардың сұранысына көбірек ие болады.
Слет аясында «Талпыныс, Сенім, Жеңіс!», «Спорт – денсаулық, қуаныш пен бақыт!», «Режиссеры своей жизни», «Движение возможностей», «Свобода и ответственность», «Өткір сөз бен терең ой», сондай-ақ психологиялық тренингтер, зияткерлік ойындар, көрсетілім пікірсайыс раунды, «Мен көшбасшымын» байқауы жоспарлануда. Слет соңында манифест әзірленіп, «Біз – Қазақстанның болашағымыз» патриоттық акциясы өткізіледі. Балалар үшін команда құрау, түрлі кейстерді шешу, әлеуметтік жобалау бойынша тренингтер ұйымдастырылады.
Жас көшбасшылар мен пікірсайысшылардың республикалық слеті еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалар жақынырақ танысып, достасып, тәжірибе және идеялармен алмасатын бірегей қарым-қатынас алаңы болып табылады.