2021 жылдың желтоқсан айының 21-22 күндер аралығында «Балдәурен» РОСО-да ұйымдастырушы-ұстаздардың шеберлігін арттыруға арналған бағдарлама ұйымдастырылды.
Бағдарламаның мақсаттары:
•Қатысушылардың ұйымдастырушылық коммуникативті дағдыларын дамыту;
•Педагогика, психология білім негіздерін оқыту;
•Өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық белсенділікке мотивациясын дамыту;
•Кіші мектеп жасындағы балалармен қарым-қатынаста кеңесшілік дағдыларын қалыптастыру;
Бағдарлама аясында ұйымдастырушы-ұстаздар: балалармен атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру методикасы, би өнері, психология, спорт және қол өнері бағыттары бойынша білім алады.