Қостанай облысындағы, Әулиекөл ауданының өңірлерінен табиғи өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына келді. Қазіргі таңда 5-9 сынып жас аралығындағы 11 оқушы орталыққа орналасты. Дәл қазіргі уақытта балалар орталыққа бейімделіп, медециналық тексеруден өтті. Балаларға жеке гигиеналық заттар мен концелярлық оқу құралдары үлестірілді. Балалар «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының білім кешенінде сабақтарын жалғастырып, сауықтыру ем-шараларымен қамтамасыз етілетін болады.

20 күнге жалғасатын «Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Абай жолы - білім жолы» әдеби вернисажы атты 11-ауысымның аясында балаларға: ауысым тақырыбына сай іс-шаралар, спорттық ойындар, әдеби кештер жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ел тарихын танытып, ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында экскурсия ұйымдастырылады. 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner