2023 жылдың 20-шілдесі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында халықаралық шахмат күніне арналған турнир өтті. Жарысқа 20-ға жуық бала қатысты.
Шахмат ойындары балалар үшін өте пайдалы. Оқу процесі тұрғысынан шахмат ойыны балаларда логикалық ойлауды дамытады. Ойында олар сыни тұрғыдан ойлауды, мәселелерді жақсырақ шешуді және өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді.
Қатысушылар сайыс барысында өздерін керемет көрсетті және жақсы уақыт өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға грамоталар табысталды.