Кең болу керек, тәлімгер сенің жүрегің,
Алауың жанған жүрегіңдегі тірегің,
Алдыңа келген балдырған әлі балаға
Бір бөлігін бер алаулап тұрған жүректің.
 
        Тәлімгер жүрегінің түбінде не жатыр? Тәлімгер қандай болуы қажет? Бұл сұрақтарға «Сердце вожатого - Дети» атты халықаралық телекөпірде балалар орталықтарының ұйымдастырушы-ұстаздары жауап берді.
 Бүкілресейлік «Смена» балалар орталығының бастамасымен 14-сәуірде ұйымдастырылған «Сердце вожатого - Дети» халықаралық телекөпіріне «Балдәурен» РОСО-ның ұймдастыршы-ұстаздары да қатысты. 
Сонымен қатар, телекөпір Беларусь Республикасының «Зубренок» ҰБО, «Океан», «Орленок» Бүкілресейлік балалар орталықтары  және «Артек» ХБО-да тәлімгерлерімен жүздесуге мүмкіндік берді. 
Телекөпірге қатысушылар тәлімгерлік қозғалысты жүзеге асыру жайлы пікірлерімен, идеяларымен бөлісті. Педагогикалық топтардың өкілдері өз ойларындағы ұйымдастырушы-ұстаз бейнесін, оның бойында қандай қаситеттері болуы қажет, қандай қасиеттерін шыңдау керектігі және жаңа педагогикалық идеяларды дәстүрді сақтай отырып толықтыру мен дамыту жолдары жайлы да ой қозғасты.
Ал, «Тәлімгер жүрегінің түбінде не жатыр?» - деген сұраққа бірауыздан балаларға деген махаббат - деп жауап берді.

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner