ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында 12-14 маусым күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында «Оқуға құштар мектеп жобасы – заман талабы» атты семинар өтті.
Заманауи кітапхана мәселелерін шешудің жолдарын білім беру саласының сарапшылары, әдістемелік бөлімдер мен баспалардың басшылары: Елдос Нұрланов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру мазмұнын талдау орталығының директоры, Петр Лапо, «Назарбаев Университет» кітапханасының бас сарапшысы , Әсима Рысқұлбекова, «Алматыкітап» баспасын цифрландыру бөлімінің басшысы және т. б. ұсынды. Семинарға мектеп кітапханашылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Пленарлық мәжілісте кітапхана ісі саласындағы жетекші мамандар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеуден бастап жаңа сандық технологияларға дейінгі кең ауқымды мәселелерді қарастырды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының атынан семинарға Жамбыл облысы бойынша филиалының бас маманы Инна Грицинина қатысты. Шымкент қаласы, Қарағанды, Маңғыстау және Ақмола облысының мектеп кітапханашылары үшін «Кітапхана кауымдастық орталығы ретіңде: дәстүрлі кұндылықтар, инновациялық тәжірибелер» секциясы workshop форматында өтті. Секция модераторы өз сөзінде филиал маманы қызметінде заманауи технологияларды пайдалану бойынша тәжірибесін ұсынды. Секциялық жұмыс барысында цифрлық сервистерді қолдану туралы тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Топтық түрде өткізілген талқылау кітапхана ісінің бүгіні мен болашағы туралы тәжірибе, идея, ой алмасуға жағдай жасады. Рефлексия қатысушылардың семинарда алған дағдыларын алдағы уақытта жетілдіруге қызығушылы барын көрсетті.

 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner