Жазғы демалыс балалар асыға күтетін уақыт. Барлық бала үшін жазғы демалыс маңызды болғандықтан, демалысты қызықты әрі қауіпсіз ұйымдастыру үлкендердің басты мақсаты. Осы мақсатқа жету жолында және баланың демалысы қай жерде болса да қауіпсіз өтіп, келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін орталығымызда семинар-кеңес өтті.
Отырыстың модераторы – Жекебаев Дулат Шайкенұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
Отырысқа қатысушалар: Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдай, Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері, облыстық және қалалық білім басқармаларының өкілдері, Балаларды сауықтыру ұйымдары, жас туристер станциясы басшыларының республикалық кеңесінің мүшелері және ҮЕҰ.
Жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша Республикалық семинар-кеңесте барлық өзекті сұрақтар қозғалды.
Семинар мынандай үш секциядан тұрды:
І секция - «Балалардың жазғы кезеңде бос уақытын, жұмыспен қамтылуын, сауықтыруды ұйымдастырудың стратегиялық басымдықтары»;
ІІ секция - «Балаларды сауықтыру ұйымдарының әлеуметтік-тәрбие әлеуеті»;
ІІІ секция - «Жазғы кезеңде балаларды сауықтыру ұйымдары жағдайында балаларды сауықтыру және дамыту».
Семинар барысында: жазғы демалыс барысында балаларды сауықтыру, жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демалыс кезіндегі өрт және су қауіпсіздігін сақтау, дәріптеу, санитарлық жағдайларды сақтау және балаларға құнарлы тағам беру, демалыс орталықтарындағы балаларға психологиялық сүйемелдеу сынды тақырыптарға тоқталды.
Сонымен қатар, балалардың жазғы демалыстарына арналған бағдарламалар легімен таныстырды. Семинарға қатысушылар өз нәтижелерін көрсетіп қана қоймай, одан да жоғары нәтижелерге жетуді нық мақсат етіп отыр.