Ағымдағы жылғы 9 сәуір күні Түркістан қаласында «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» тақырыбында география пәні мұғалімдерінің республикалық съезді өтті. Қазақстанның әр аймағынан жиналған 300-ден аса педагог төрт секциялық алаң аясында жұмыс істеді.
Съездің делегаттары мен қатысушыларын білім және ғылым бірінші вице - министрі Шолпан Каринова күтіп алды. Съезд барысында өзекті мәелелер талқыланып қана қоймай, нақты тапсырмалар берлді.
Аталмыш съездге «Балдәурен» РОСО-ның география пәні мұғалімдері Абильдаева Аида Алматовна және Нургалиева Сауле Ермековна 4-секция тақырыбы бойынша «Республикада география пәні мұғалімдерін даярлау, кәсіби біліктілігін арттыру, аттестаттау: жағдайы, проблемалары, ұсыныста» жұмысына қатысты. Жиын жоғары деңгейде өтіп, білім саласындағы заманауи көзқарастар да талқыланды.