Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны» атты Республикалық қашықтық жобалар мен зерттеу байқауының
ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2022 жылдың 24-наурызы мен 12-сәуір аралығында Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны» атты Республикалық қашықтық жобалар мен зерттеу байқауы өткізілді.
Байқауға 650 жұмыс қабылданып, қорытынды кезеңге келесі облыс қатысушыларының 175 жұмысы өтті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 18 жұмыс;
- Ақмола облысы – 4 жұмыс;
- Батыс Қазақстан облысы – 19 жұмыс;
- Жамбыл облысы – 37 жұмыс;
- Қостанай облысы – 25 жұмыс;
- Павлодар облысы – 2 жұмыс;
- Түркістан облысы – 20 жұмыс;
- Шығыс Қазақстан облысы – 19 жұмыс;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 жұмыс;
- Манғыстау облысы – 2 жұмыс;
- Шымкент қаласы – 27 жұмыс.
Құрамына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 
(Нұр-Сұлтан қ.), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары, Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжінің және «Балдәурен» РОСО (Щучинск қ) мұғалімдері енген қазылар алқасының шешімі негізінде 3 бағыт бойынша жалпы оқушылардың 60 жұмысы Конкурс жеңімпазы атанды.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Басшылығы оқушылар мен жетекшілерге Байқауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді. Сіздерге шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

ІІ кезең қорытындысы


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner