«Тәлімгерлер калйдоскопы: жазғы палитра» атты  педагогикалық отрядтардың Республикалық слеті

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2025 жылғы 23-25 сәуір күндері шығармашылық пен достық атмосферасында «Тәлімгерлер калейдоскопы: жазғы палитра» атты педагогикалық отрядтардың Республикалық слеті өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінен келген үздік педагогикалық отрядтарды – тәжірибесі мен шабытпен бөлісуге дайын балалар сауықтыру лагерлерінің және білім беру мекемелерінің өкілдерін бір алаңға жинады.

Слеттің мақсаты – жыл бойына сауықтандыру жүйесін ұйымдастырудың тиімділігі мен сапасын арттыру, сонымен қатар тәлімгерлік қозғалыстың кадрлық әлеуетін дамыту. 

Іс-шараға 9 команда қатысты, олардың әрқайсысын жетекшісі сүйемелдеп жүрген дарынды әрі бастамашыл жастардан тұратын 8 адам құрады. Барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылықты және кәсіби өсуге ұмтылысын көрсетті.

Слеттің қазылар алқасының құрамы қазіргі кезде педагогика және балалар демалысы саласында беделді мамандар болып табылатын, бұрын Орталықта педагог-ұйымдастырушы болып қызмет атқарған шақырылған қонақтардан тұрды:

  • Қазылар алқасының төрағасы – Сураганов Д.Ч., орталықтың бас директорының оқу-тәрбие және сауықтыру жұмысы жөніндегі орынбасары;
  • Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна – «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі, Щучинск қ.;
  • Ербатыров Азамат Батыргалиевич – сол Орталықтың әлеуметтік-педагогикалық бөлім меңгерушісі;
  • Хафиз Оркен Мұхитұлы – Республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Астана қ.;
  • Алимов Дархан Сейльбекович – «Балдәурен» РОСО тарих пәнінің мұғалімі;
  • Кампышев Серикбай Бейсембаевич – «Барап» балалар спорттық-сауықтыру орталығы директорының орынбасары.

Слет барысында қатысушылар командалық жұмыста, педагогикалық шеберлікте, балалардың бос уақытын ұйымдастыру және өздерін қалай ұстау қабілеттерін көрсетті. Командалар әр түрлі конкурстарға, шеберлік сыныптарына және экскурсиялық бағдарламаларға қатысып, өздерінің даралығы мен кәсіби дербестігін көрсетті.

Слеттің жеңімпаздары атанды:

 1 орын – Ж. Мусин ат. Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің «I SHYAQ» педагогикалық отряды, Ақмола облысы;

 2 орын – М. Жұмабаев ат. Жоғары колледж КМҚК «Жігер» командасы, Солтүстік Қазақстан облысы;

 3 орын – М. Мәметова ат. Қызылорда жоғары педагогикалыық колледжінің «M&M’s» педагогикалық отряды, Қызылорда облысы.

Жүлдегерлер грамоталармен, естелік сыйлықтармен, ал жеңімпаз команда – «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының атынан арнайы статуэткамен марапатталды.

Слеттің барлық қатысушылары олардың қатысуын растайтын жеке сертификаттар алды, ал қазылар алқасының мүшелері мен командалардың жетекшілері – іс-шараны өткізуге қосқан баға жетпес үлестері үшін алғыс хаттарға ие болды.

Педагогикалық отрядтардың Республикалық слеті тәжірибе алмасу, кәсіби қарым-қатынас және одан әрі дамуға ынталандыру үшін нағыз алаңға айналды. Оның өткізілуі балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге дайын тәлімгерлерді дайындаудың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті, олар үшін жайлы, қауіпсіз және дамушы орта қалыптастырды.

Педагогикалық отрядтардың слеті – бұл жай ғана сайыс емес, бұл болашақ педагогика көшбасшыларының кеңістігі, олар қазірдің өзінде жарқын және жақсы болашақты құрайды!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner