Жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату мақсатында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімімен бірлесіп 2024 жылдың 10 мамыры күні «Жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуының үздік бағдарламасы» республикалық байқауын өткізді.

Байқауға Қазақстан Республикасының 7 облысынан өкілдер қатысты: Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай облыстары.

Бас директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. И.А.Глинова құттықтау сөз сөйлеп, бұл іс-шараның педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дамытудағы өзектілігін атап өтті.

Байқауға қатысушылар Байқаудың екі кезеңінің жеңімпаздары болды: аудандық және облыстық.

Бағдарламалар бірнеше бағытта ұсынылды:

- ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие, рухани-адамгершілік және азаматтық тәрбие;

- оқу демалысын ұйымдастыру, көркемдік-эстетикалық дамыту;

- оқу қызметін әдістемелік қамтамасыз етудің инновациялық моделі;

- дене шынықтыру және спорт, туризм және өлкетану, сауықтыру.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында «Балдәурен» РОСО ғылыми және педагогикалық бағытының өкілдері, сондай-ақ «Ақмола облысы бойынша біліктілікті арттыру институты» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» филиалының директоры, PhD-доктор Алия Нагметовна Иманова болды.

Марапаттар келесідей бөлінді:

III дәрежелі диплом – А.Р. Сары, Батыс Қазақстан облысы.

ІІ-дәрежелі диплом – Қ.А. Байыздрахманова, Н.Қ. Газезова, Ақмола облысы.

І-дәрежелі диплом – М.Ж. Ортамышев, Солтүстік Қазақстан облысы;

Е.М. Қазыбаев, А.Р. Жабаева, Д.С. Тұяқбаева, Қостанай облысы.

Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner