«Ұлттың рухани коды: мұра, тіл, дәстүр»

ғылыми-зерттеу және жоба жұмыстарының Республикалық қашықтық байқауы

Байқау «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын іске асыру мақсатында өткізіледі және рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық мәдени мұраны, тілді, халықтың салт-дәстүрлерін насихаттауға, сондай-ақ оқушылардың азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық санасын қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың Қазақстанның рухани мұрасын, тілін, тарихын және дәстүрлі құндылықтарын зерделеуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Байқаудың міндеттері:

  • Қазақстанның тарихы, рухани мұрасы, тілі және дәстүрлі мәдениеті саласындағы зерттеу және жобалау қызметін ынталандыру;
  • Қазақстан халқының ұлттық құндылықтарын, тарихы мен мәдени мұрасын зерделеуге оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту;
  • білім алушылардың өз бетінше ғылыми ізденіс, дереккөздерді талдау және зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру.

Байқау қатысушылары: 7-9 сынып оқушылары.

Қатысу түрі: жеке немесе командалық (екі қатысушыдан аспайды).

Өткізу форматы: қашықтықтан.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 

Ереже жүктеу

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner