2021 жылдың қазан айының 22-күні «Балдәурен» РОСО Кәсіби старт «Мен тәлімгер болар едім...» 14-ауысымының және Бүкілресейлік «Орленок» балалар орталығы тарапынан «Профессиональные старты» 11-ауысымының қатысушылары арасында онлайн форматта кездесу өтті.                                                  
Кездесудің мақсаты: «Орлёнок» ББО және «Балдәурен» РОСО ұйымдарында бейіндік бағытында жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Оқушылардың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру. 
Онлайн кездесу «Орлёнок БР» ауысым аяқталып, «Балдәурен» РОСО-да енді ғана басталған кезде өтті. «Орлёнок» орталығындағы демалушы балалар балдәурендіктерге өздерінің ауысымының ең маңызды және қызықты іс-шаралары туралы айтып берді. Қатысушылар достарының тілектері мен кеңестерін үлкен қызығушылықпен тыңдады. «Балдәурен» РОСО ауысым қатысушылары 14- ауысымда алға қойған жоспарлары туралы және неліктен тәлімгер болғылары келетіндіктері жайлы ойларымен бөлісті.
Қатысушылардың әрқайсысы бір-біріне тілектерін айтып, онлайн-кездесуді "Оркестр" әнін бірге шырқап қорытындылады.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner