«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы:

құндылықтар мен тәжірибе бірлігі» республикалық семинар-практикумның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі» тақырыбында республикалық семинар-практикум өткізеді. 

Өтетін күні: 2025 жылғы 02-03 желтоқсан

Өтетін орны: «Балдәурен» РОСО, Ақмола облысы, Щучинск қаласы

Семинар-практикумның мақсаты: білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізгі элементі ретінде «Адал азамат» тұжырымдамасы шеңберінде тұлғаның адамгершілік-патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылау.

Семинарға қатысушылар: Тәрбие жұмысына жетекшілік ететін білім бөлімдерінің мамандары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагог-ұйымдастырушылар, тәлімгерлер, жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагерлерінің/орталықтарының қызметкерлері, жекеменшік мектептердің педагогтері.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Спикерлер: ҚР ОАМ Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының,  «ҚР ОАМ «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК, білім беру ұйымдарының, ҚР ОАМ «Балдәурен» РОСО және оның филиалдарының, жыл бойы жұмыс істейтін балалар орталықтарының/лагерлерінің, жекеменшік мектептердің өкілдері.

Семинар-практикум бағдарламасы пленарлық отырысты, секцияларда жұмыс істеуді және тақырыптық пікірталастар өткізуді, педагогикалық тәжірибемен және «Адал азамат» тәрбиенің тиімді практикаларымен алмасуды көздейді. Қорытындысы бойынша семинар материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.  

Семинар-практикум ықпал ететін болады:

«Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары негізінде білім беру ұйымдарының бірыңғай тәрбие беру кеңістігін нығайтуға;

– директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының, сынып жетекшілерінің, педагог-ұйымдастырушылардың, тәлімгерлер кәсіби құзыреттілігін арттыруға;

– «Балдәурен» РОСО-да және Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асырылатын тәрбие жұмысы мен патриоттық бағдарламалардың үздік тәжірибелерін таратуға;

– «Адал азамат» бағдарламасының жаңартылған тәрбие парадигмасын енгізу бойынша өзекті мәселелерді шешуге және бірыңғай әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге.

 

Мекен-жайымыз: 021700, Ақмола облысы, Щучинск қ., «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлімі)

E-mail: baldauren@mail.ru

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner