«Baldauren Open Festival»

хореографиялық өнер байқау-фестивалі

2024 жылғы 8-ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(22.06-06.07.2024 ж.)

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2024 жылға арналған ауысымдардың жоспар-кестесіне сәйкес "Baldauren Open Festival" хореографиялық өнер байқау-фестивалі» атты 2024 жылғы 8-ауысым өтеді.

Ауысым қатысушылары: Жас бишілер: халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық, мектеп би байқаулары мен фестивальдардың қатысушылары, лауреаттар мен дипломанттар, шығармашылық ұжымдар, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

Ауысым мақсаты: Ауысымға қатысушыларды би өнеріне баулу және балалардың сауығуына, демалысына қолайлы жағдайлар жасау.

Ауысым міндеттері:

- ауысым іс-шараларына қатысу арқылы тұлғаның физикалық, зияткерлік, адамгершілік және үйлесімді дамуына ықпал ету;

- сахналық мінез-құлықты және басқа отрядтардың шығармашылығын құрметтеуді дамыту;

- балалардың би, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- ауысымға қатысушыларды азаматтық-патриоттық, мәдениеттанушылық тәрбиелеуге жағдай жасау.

Ауысым бағдарламасында:

  1. «Dance – our style!» отряд визиткасын қорғау кеші;
  2. 8-ауысым президентіне үміткерлер презентациясы;
  3. 8-ауысымның ашылу салтанаты;
  4. «Zhastar» концерті;
  5. «Сәлем, Балдәурен!» бекет бойынша ойын;
  6. «Жаңа жасыңмен, балақай» туған күн иелеріне арналған кеш;
  7.  "Dance Jai Battle" би байқауы;
  8. «Олимпия» спорттық мерекесі;
  9. «Open air» маска-шоу;
  10. «GLOBAL WEEKEND» хореографиялық байқау (I,II кезең);
  11. 8-ауысымының жабылуы салтанаты және гала концерт.

2024 жылдың 8-ауысымының салтанатты ашылуы 24 маусым күні сағ. 16.30-де.

2024 жылдың 8-ауысымының салтанатты жабылуы 5 шілде күні сағ.16.30-да.

Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner