«Сахна сыртындағы жазғы демалыс» театр фестивалі» атты 2022 жылғы, 6-ауысымның 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(28.05-11.06.2022ж.)
 
ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында «Сахна сыртындағы жазғы демалыс» театр фестивалі» атты 6-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Театр үйірмелерінің қатысушылары, театр ұжымдары, жайдарманшылар, мәнерлеп оқу байқауларының жеңімпаздары, жас вокалисттер, заманауи би клубтарының мүшелері.
Ауысымның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу, рухани-адамгершілік мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Ауысым міндеттері: 
• театр қойылымдары мен мәдени құндылықтарымен таныстыру арқылы театр өнеріне деген қызығушылықтарын ояту;
• ұжымды біріктіру үшін эстетикалық ұйымдастырылған орта құру, достық қарым-қатынастағы ортаны құру;
• қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.
Ауысым бағдарламасында:
1. 6-ауысымның президентіне үміткерлермен танысу;
2. «Дос құшағы – жаз!» топ визиткасын қорғау кеші;
3. «Шексіз талант» шығармашылық байқауы;
4. 2022 жылдың 6-шы ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
5. «Әрқашан күн сөнбесін!» ауысым қатысушыларына арналған концерттік бағдарлама;
6. «Олимпия» СМ;
7. «Мои успехи в спорте» серуен әңгімесі;
8. «Кел, ойнайық!» музыкалық ойындар байқауы;
9. «Special for you!» туған күн иелеріне арналған кеш;
10. «Театральная афиша» байқауы;
11. «Театралдық ФАРС» театралдық қойылымдар байқауы;
12. «Достық шаңырағы – Балдәурен» гала-концерт.
 
 
2022 жылдың 6 ауысымының салтанатты ашылуы 1 маусым күні сағ.18.15-те
2022 жылдың 6 ауысымының салтанатты жабылуы 10 маусым күні сағ.16.30-да
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner