2026 жылғы 4 ауысым

BaldaurenART: көктемгі жаңарту коды  

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(18.03-06.04.2026ж.)

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2026 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 18 наурыз – 06 сәуір аралығында «BaldaurenART: көктемгі жаңарту коды» атты 4-ауысым өтеді.

Ауысым қатысушылары: Ауыл мектептерінің балалары, этномәдени клубтардың, үйірмелердің, студиялардың қатысушылары, балалар шығармашылығы байқауларының жеңімпаздары, халық әндерін орындаушылар, жас ақындар, ұлттық аспаптардың шығармашылық ұжымдары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

Ауысымның мақсаты: Ауысым қатысушыларының эстетикалық талғамын және мәдени құндылықтарын арттыра отырып, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптеу арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

Ауысым міндеттері:

  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және дамытуға жағдай жасау;
  • Музыка, би, театр, сурет өнері сияқты өнердің түрлі бағыттарындағы қызығушылықтарын қолдау;
  • Әртүрлі шығармашылық іс-шаралар арқылы балалардың белсенділігін және көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Ауысым бағдарламасында:

  1. «Qyzyq games» танысу кеші;
  2. «Көктемдегі Балдәурендік достарым» атты отряд визиткасын қорғау кеші;
  3. Президенттікке және «Qadam» өзін-өзі басқару ұйымының үміткерлерімен танысу;
  4. «Наурыз – берекенің бастауы» мерекелік бағдарламасы;
  5. «Zhastar aleminde» «Жастар» педагогикалық отрядының концерті;
  6. «Бұл – біздің шаңырақ» отряд бөлмесін безендіру байқауы;
  7. «Балдәурен» - көп-ұлтты» спорттық-интеллектуалдық ойыны;
  8.  «Creative energy» шығармашылық байқауы;
  9. «Nauryz vibe» фотозона байқауы;
  10. «Даланың ұлы әлемі» бекет бойынша ұлттық ойындар;
  11. «Балдәурен – шығармашылық алаңы» байқауы. І кезең – «Көктемгі Балдәурендегі ғажайып» сурет көрмесі байқауы;
  12. «Балдәурен – шығармашылық алаңы» байқауы. ІІ кезең – «Көктем әуенінің үні» ән байқауы;
  13. «Жетістікке жет!» тимбилдингі;
  14. «Дәлме-дәл» видеороликтер байқауы;
  15. «Олимпия» СМ;
  16. «Zhastar battle» байқауы;
  17. «Кештің басты жұлдызы – Сен!» туған күн иелерін құттықтау кеші;
  18. «Балдәурен – шығармашылық алаңы» байқауы. ІІІ кезең – «Baldauren – dance energy» би байқауы;
  19. «Ұлттық құндылық – халық қазынасы» шығармашылық кеші;
  20. «Жүрек төріндегі Балдәурен» гала-концерт.

2026 жылдың 4-ауысымының салтанатты ашылуы 21 наурыз күні сағ.17.00-де.

2026 жылдың 4-ауысымының салтанатты жабылуы 04 сәуір күні сағ.16.30-да.

 

Біздің мекен жай: 021700, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner