
«Шығармашылық пен талғампаздық шынында» арт-старты» атты
2025 жылғы 3-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(23.02-14.03.2025ж.)
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2025 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 23 ақпан және 14 наурыз аралығында «Шығармашылық пен талғампаздық шынында» арт-старты» атты 3-ауысым өтеді
Ауысым қатысушылары: жас суретшілер, дизайнерлер, сәнгерлер, фотографтар, қолданбалы өнер бойынша халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегерлері, ҚР ҚҚ әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары
Ауысым мақсаты: Жеке мүмкіндіктерді дамытуға, шығармашылық процеске тарту арқылы ауысымға қатысушылардың кәсіптік бағдарларын кеңейтуге ықпал ететін білім беру және шығармашылық орта құру.
Ауысым міндеттері:
- ауысымға қатысушылардың физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік дамуына жағдай жасау;
- сурет салумен, кескіндеменің жаңа техникаларын игеруге, ұлттық киімнің эскиздерін әзірлеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
- ұлттық құндылықтар негізінде азаматтық сананы, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Ауысым бағдарламасында:
- «Танысайық, достасайық!» бекет бойынша ойыны;
- «QADAM» өзін-өзі басқару ұйымына 3 ауысым үміткерлермен танысу;
- «Оқуға құштар мектеп» жобасы;
- «Шығармашылық алаңы» топ визиткасын қорғау кеші;
- 2025 жылғы 3-ауысымның салтанатты ашылуы;
- «ZHASTARMEN BIR TOLKYNDA» «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
- «Шығармашылық бастамалар уақыты» шығармашылықтар байқауы;
- «Олимпия» СМ;
- «Baldauren talant show» шығармашылық байқауы;
- «Үздік жас суретші» байқауы;
- «Шығармашылыққа бір қадам» музыкалық конструктор» байқауы;
- «Шығармашылық экспресс» бекет бойынша ойыны;
- «Аруларға арнау» мерекелік концерті;
- «PHOTOSHOOT» дәлме-дәл сурет байқауы;
- «Сән мен өнердің үйлесімі» ұлттық костюмдер дефилесі;
- «Жарқыра, бақыт жұлдызы» туған күн иелерін бекет бойынша құттықтау;
- «Өнердің үні» көрмесі;
- 2025 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы және «Жүректесің, Балдәурен!» гала-концерты.
2025 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы 26 ақпан күні сағ.16.45-те.
2025 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы 12 наурыз күні сағ.16.30-да.
Біздің мекен-жай: 021700, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru