«Біз Жаңа Қазақстан үшін!» республикалық көшбасшылар мектебі» атты 
2023 жылғы 2-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
 (01.02 - 20.02.2023 ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 1-20 ақпан аралығында «Біз Жаңа Қазақстан үшін!» республикалық көшбасшылар мектебі» атты 2-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Мектептің өзін – өзі басқару органдарының көшбасшылары мен белсенділері.
Ауысымның мақсаты: Оқушыларды толыққанды демалу, сауықтыру, олардың жеке әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, оларды әртүрлі жастағы ұжымға алуантүрлі әлеуметтік маңызды және жеке тартымды іс-шараларға қосу арқылы тәрбиеленушілердің азаматтық-қоғамдық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ету.
Ауысым міндеттері:
• ауысым қатысушыларының жан-жақты шығармашылық танытуына жағдай жасау;
• жасөспірімдерді әлеуметтік маңызды істерге қосу;
• балаларда қазақстандық патриотизмді, өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. 2023 жылдың 2-ауысымының президентінің үміткерлермен танысу;
2. «Туған жер – бақыт ордасы!» отряд визиткасын қорғау кеші;
3. 2023 жылдың 2-ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
4. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
5. «Олимпия» СМ;
6. «Вожатый и я – спортивные друзья» командалық эстафеталық ойыны;
7. «Интеллект» зияткерлік ойыны;
8. «Happy day!» туған күн иелеріне арналған кеш;
9. «Елжанды жастар» әдеби-танымдық кеш;
10. «Ертегілер әлемінде» театр қойылымдарының байқауы;
11. «Кел, ойнайық!» музыкалық ойындар байқауы;
12. «Жүздескенше, Балдәурен» гала-концерт.
 
 
 
2023 жылдың 2-ауысымының салтанатты ашылуы 4 ақпан күні сағ.16.30-да
   2023 жылдың 2-ауысымының салтанатты жабылуы 18 ақпан күні сағ.16.30-да
 
 
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner