«Сиқырлы Балдәурен» жаңа жылдық оқиғалар атты

2023 жылғы 16-ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

       (05.12-24.12.2023ж.)

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 5-24 желтоқсан аралығында «Сиқырлы Балдәурен» жаңа жылдық оқиғалар» атты 16-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, дипломаттары, жас әншілер, бишілер, халық орындаушылары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары.

Ауысым мақсаты: Ең қабілетті, шығармашыл дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау, дамытуды қамтамасыз ету, мерекелік атмосфера құру.

Ауысым міндеттері:

-Ауысымға қатысушылардың ұйымдастырылған демалысы мен шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

-Қарым-қатынас дағдыларын, ұжымда жұмыс істей білуді, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру;

-Патриотизмге, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Ауысым бағдарламасында:

  1. 16 ауысымның призидентіне үміткерлермен танысу ;
  2.  «Friends will be Friends» отряд визиткасын қорғау кеші;
  3. 2023 жылдың 16 ауысымның салтанатты түрде ашылуы;
  4.  «Жалындай бер, Жастарым!» атты «Жастар» педагогикалық тобымен танысу;
  5. «Олимпия» СМ;
  6. «Creative time» атты шығармашылық байқауы;
  7. «Мерей тойың құтты болсын, Балдәурен!» атты қойылымдар байқау;
  8.  «Битва талантов» байқауы;
  9.  «Как-то раз под Новый год» жаңа жылдық мюзикл;
  10. «Тұғыры биік туған жер» бекет бойынша ойын;
  11.  «Happy Birthday to you!» туған күн иелеріне арналған кеш;
  12. «Тәуелсіздік – бабалар аңсауы» атты қабырға газет байқауы;
  13.  «Тәуелсіздік-тұғырым» атты концерт;
  14.  «Сиқырлы Балдәурен» атты жаңа жылдық қойылым;
  15. «Балдаурен премия» гала-концерт.

2023 жылдың 16-ауысымының салтанатты ашылуы 8 желтоқсан күні сағ.16.30-да

2023 жылдың 16-ауысымының салтанатты жабылуы 22 желтоқсан күні сағ.16.30-да

Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner