2025 жылғы 15 ауысым «Мен тәлімгер болар едім» «Жастар» педагогикалық ұжымының туған күніне арналған кәсіби жарыстары
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (11.11-30.11.2025ж.)
ҚР Оқу-ағарту Министрлігі бекіткен, 2025 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 11-30 қараша аралығында «Мен тәлімгер болар едім» «Жастар» педагогикалық ұжымының туған күніне арналған кәсіби жарыстары» атты 15-ауысым өтеді.
Ауысым қатысушылары: 8-9 сынып оқушылары: мектеп парламентінің, мектептің өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары, «Жас Ұлан» РББЖҰ белсенділері, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.
Ауысымның мақсаты: Әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен жобаларды іске асыруға қосу арқылы ауысымға қатысушылардың кәсіби бағдарлануы мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Ауысым міндеттері:
- Ауысым қатысушыларын болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға, ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларды дамытуға ықпал ететін зияткерлік және жобалық қызметке қосуды қамтамасыз ету.
- Командалық бастамаларға, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысу арқылы қатысушылардың көшбасшылық қасиеттерін және әлеуметтік-белсенді ұстанымын дамыту үшін жағдай жасау;
- Қатысушылардың бойында патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге, достық пен ұйымшылдық құндылықтарын насихаттауға ықпал ету.
Ауысым бағдарламасында:
- «Qyzyq games» танысу кеші;
- «QADAM» өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлерімен танысу;
- «EcoZhastar: Тәлімгер. Ұрпақ. Табиғат» отряд визиткасын қорғау кеші;
- «Zhastar aleminde» «Жастар» педагогикалық отрядының концерті;
- «Lider Time» байқауы;
- Шығармашылық байқаулар;
- «Baldauren Quiz» интеллектуалды-танымдық ойын;
- «Туған күніңмен, балақай» туған күн иелерін құттықтау кеші;
- «Music&Rhythm» музыкалық ойындар байқауы;
- «Олимпия» СМ;
- «Мен тәлімгермін» байқауы;
- «Жүрек төріндегі Балдәурен» гала-концерт
2025 жылдың 15-ауысымының салтанатты ашылуы 14 қараша күні сағ.17.00-де.
2025 жылдың 15-ауысымының салтанатты жабылуы 28 қараша күні сағ.17.00-де.
Біздің мекен жай: 021700, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru





